2024 жылдың маусым айында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ГСЗ шеңберінде «AMANAT» партиясы жанындағы АГФ-ның Әйелдер қанатымен және Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп, Алматы қаласының сегіз ауданында тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғану әдістерін түсіндіру мақсатында бірқатар диалог алаңдарын өткізді.
Өткен жылдың соңында интернет-алаяқтықпен күресетін ұйым – Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылды. Мамандардың айтуынша, ең осал топтар – егде жастағы адамдар мен жастар. Олар сенгіш келіп, өздерін полиция немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңырауларына жиі алданып жатады.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері “дроп-аккаунттарды” пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық схемаларын ашып көрсетті. Бұл – жастар өздерінің банк карталарын білместіктен немесе пайда табу мақсатында қылмыскерлерге беріп, еріксіз түрде қаржылық алаяқтыққа қатысып қалады дегенді білдіреді. Көп жағдайда алаяқтар бір күн жұмыс істейтін көптеген SIM-картасы бар симбокстарды қолданады, бұл олардың ізіне түсуді қиындатады. Диалогқа қатысушылар вирустар мен трояндардың телефондарының жұмысын бұғаттап, жеке деректерін ұрлаған жағдайлары туралы жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Азаматтарға онлайн-кредиттерден Egov порталы немесе банк бөлімшелері арқылы өз еркімен бас тарту жолдары түсіндірілді. Бұл – қажетсіз қарыздардан сақтанудың тиімді әдісі.
Киберқылмыстың құрбаны болмас үшін келесі қарапайым ережелерді есте ұстау қажет:
Тегін қызмет көрсету туралы ұсыныстар мен күмәнді қоңырауларды елемеу.
Whatsapp-та тіркелген құрылғыларды тексеріп отыру – бұл мүмкін бұзылуларды анықтауға көмектеседі.
1414 кодтары мен жеке мәліметтерді ешкімге, тіпті өздерін банк, мемлекеттік немесе коммуналдық қызмет өкілі ретінде таныстырғандарға да айтуға болмайды.
Күмән немесе күдік туған жағдайда 102 нөміріне хабарласып, кеңес алу қажет.
