2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының сел және сейсмикалық қауіп-қатерлерге дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, бейінді қызметтердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алматы қаласының сейсмикалық және сел қауіпсіздігі, мониторинг және халықты хабардар ету жүйелерінің дайындығы, жедел әрекет ету және эвакуациялау шаралары, қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі, қала құрылысының сейсмикалық қауіпсіздігі және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша айтылған Read more…

«Үлкен қала — үлкен жауапкершілік»

10 қыркүйекте Алматының Жетісу ауданында есірткі тұтынудың алдын алуға және жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға жол бермеуге арналған қалалық кездесулер циклі жалғасты. Диалог алаңын Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорымен бірлесіп, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырды. Талқылауға спикерлер қатысты: Сеитов Совет Саутович — Read more…

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыру отырысы қалалық мәслихат төрағасы М.Б. Отыншиевтің қатысуымен өтті.

Кеңес мүшелерінің толық қолдауымен Жакупов Нұржан Бауыржанұлы бірауыздан кеңес төрағасы болып сайланды! Ол екінші шақырылымнан бері кеңес мүшесі және кәсіпкерлік, инвестиция, экология және туризм жөніндегі №4 комиссияға жетекшілік еткен. Әріптестері арасында зор беделге және сенімге ие! Кеңес мүшелері Республика Құрылтайының депутаттары болып сайланған Махамбет Қабдулқаирұлы Хасенов пен Дидарбек Жұмағалиұлы Дильдабекке Read more…

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі кеңестің IV шақырылымының жұмыс кезеңіндегі қызметінің қорытындысы бойынша жалпы отырысының өтетінін хабарлайды. Отырыс 17 шілдеде сағат 16.30-да өтеді. Қатысқысы келушілер төменде көрсетілген сілтеме арқылы zoom-конференция форматында қосыла алады.  Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:https://us06web.zoom.us/j/86416542691?pwd=nvqaE3XWr2eorXdVGpZizmW9QAxk98.1  Конференция идентификаторы: 864 1654 2691  Кіру коды: 628999

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support