18 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Алматыгенплан» өкілдерінің есептері тыңдалды.

Отырыс барысында қала құрылысы, сәулет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Баяндамашылар мазмұнды есептер ұсынып, презентациялық материалдар арқылы негізгі бағыттарға тоқталды. Комиссия мүшелері өзекті мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтарына жауап алды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тарапынан тиісті ұсынымдар әзірленіп, Read more…

18 қараша күні Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің алаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық альянсының өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен диалогтық кездесу өтті.

Кездесу барысында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру, олардың өкілеттіктерін кеңейту, ашықтықты арттыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту бағытында пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №4 комиссиясының отырысында қалалық цифрландыру басқармасы басшысының есебі тыңдалды.

Басқарма басшысы қаланы цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы ауқымды жоспарлар туралы баяндады. Алайда комиссия мүшелері ұсынылған есепті қабылдамау туралы шешім қабылдады. Басқарма басшысының қызметке кіріскеніне небәрі бес ай болғаны ескеріліп, оған атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жан-жақты талдап, толыққанды есеп Read more…

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық жөніндегі № 3 комиссияға ауыстырылды. Read more…

10 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің қатысуымен жалпы отырысы өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысының Жолдауын, оны іске асырудың басым бағыттарын, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді орындаудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін талқылау болды. Отырыс барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын жүзеге асыру тетіктерін қарастырды және ұйымдастырушылық Read more…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support