Басқарма басшысы қаланы цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы ауқымды жоспарлар туралы баяндады.

Алайда комиссия мүшелері ұсынылған есепті қабылдамау туралы шешім қабылдады. Басқарма басшысының қызметке кіріскеніне небәрі бес ай болғаны ескеріліп, оған атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жан-жақты талдап, толыққанды есеп ұсынуға мүмкіндік беру қажет деп танылды.

Осыған байланысты 2025–2026 жылдардағы қызмет қорытындылары бойынша есепті желтоқсан айында қайта тыңдау туралы шешім қабылданды.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support