Кездесу барысында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру, олардың өкілеттіктерін кеңейту, ашықтықты арттыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту бағытында пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
