Кездесуде ең белсенді Қоғамдық кеңес сарапшыларына алғыс хаттар табысталды.
Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында нақты ұсыныстар берілді. Олар:
1. Туризмді дамыту саласында Алматы қаласында зейнеткерлер, балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарын ескере отырып, туристік жарналардың мөлшерлемесі саралансын.
2. Қаладағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ҚК тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігі.
3. Қаланың инфрақұрылымын қарқынды дамыту қажет. Қаланы газбен қамтамасыз етуді арттыру қажет. ЖЭО-2-ні қамтамасыз ету үшін “Қазақстан-Қытай” газ құбырынан бөлек газ құбырын тарту ұсынылып отыр.
4. Қосымша электр энергиясын өндіру үшін ыстық су өндіретін жылу қазандықтарын пайдалану, бұнынң нәтижесінде қалада өндіріске пайдалануға болатын артық электр энергиясын шығаруға болар.
5. Қала тұрғындарының қажеттіліктері үшін жаңа Салық кодексін әзірлеуге ҚК қатысу керек.
6. Қаладағы суды, оның ішінде ауыз суды тұтынуға қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігі.
7. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалақыны есептеу және арттыру жүйесіне жаңа тұрғыларды қарастыру.
8. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы проблемалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілігіне арналған ҚК тарапынан бірыңғай Аналитикалық жазбасын әзірлеу ұсынылды.
9. Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру тиімділігін тұрақты негізде талдау және бағалау.
10. Алматы қаласын пилоттық үлгі ретінде пайдаланып, тұтынушылық несиелеуден ШОБ-ты корпоративтік несиелеуге көшу арқылы кәсіпкерлерді қолдау жобаларын жүзеге асыруға тырысу.
11. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі бар, сондықтан Алматы қаласындағы өнеркәсіптік нысандар мен басқа да кәсіпорындарға экологиялық аудитті жүргізу ұсынылды.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта