Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің кәсіпкерлік, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы және еңбек пен миграция мәселелеріне жауапты комиссиясы, “Еңбек қатынастары және оны реттейтін заңдарды жетілдіру” тақырыбында Қоғамдық Тыңдау өткізеді.
Тыңдау, аталған тақырып аясында тарапты тұстардың барлығын қамтып, қалалық басқармалар басшылары, ҮЕҰ, маслихат депутаттары, БАҚ өкілдері және ең бастысы еңбек етіп айлығын ала алмай жүрген, не болмаса құқын қорғай алмай жүрген азаматтарды біріктіреді.
Қоғамдық тыңдау, 27-ші ақпан күні, сағат 14:00 мен 18:00 аралығында “Тұран” университетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен жайы: Сәтбаев 16(Желтоқсан қиылысы).
Аталған жиынға барша ой қосам деген азаматтарды асыға күтеміз. Келем деушілер, алдын ала 279-27-47 телефоны, не болмаса almatykenes@gmail.com адресіне хабарласып, тіркелу керек.
Қоғамдық тыңдаулар
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясының Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі отырысы өткізілді.
Отырыста “Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының 2021 жылғы жұмысы және 2022 жылға арналған міндеттер туралы” баяндамамен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Есенбеков Айдар Рахымжанұлы сөз сөйледі. Баяндаманы талқылау барысында Комиссия мүшелері: Жакупов Н.Б., Read more…