Кездесуге Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Алматы қаласы қалалық ұтқырлық басқармасының басшысы, “Алматы көлік холдингі” ЖШС, көлік инспекциясының өкілі, тасымалдаушылар мен автобус парктері қауымдастықтарының, өзге де мүдделі ұйымдардың басшылары, қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық тыңдауларды өткізудің мақсаты: Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының қоғамдық көлікті дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылау, қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Қалалық ұтқырлық басқармасының басшысы Сағындық Тоқтасынұлы Телібаев 2022 жылғы есеп пен презентацияны ұсынды. сөз соңында қалалық ұтқырлық басқармасы, реттеу комитеті департаменті үшін сұрақтар мен ұсынымдар айтылды.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта