Бүгінгі таңда басқарушы компания IT, медицина және инновациялық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыруға платформа берумен айналысады. Қатысушылар саны 199, олардың көбі IT саласынан. Құбыр жасау саласында резиденттер бар, телекоммуникация, жер қойнауын пайдаланушылар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында және т.б. құбыр шығарады. Өнімдерін көрші елдерге экспорттайды. Біздің комиссия сарапшыларының пікірінше, инновациялық технопарк басқарушы компаниясының басты міндеті инновациялық әзірлемелерді сауатты бизнес-жоспарға айналдыру, маркетингтік зерттеулер жүргізу болуы керек. Бизнес пакетті инвесторларға, кәсіпкерлерге, бизнес-періштелерге, венчурлық инвесторларға ұсыну қажет. Ақпараттық, жарнамалық, патенттік қолдаумен қамтамасыз ету керек. Инвестицияланған жобаны технопарктың цехтарына орналастыру қажет. Мониторинг мүшелері резиденттер үшін тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салу қажеттігін де атап өтті. Жоба материалдарын әбден зерделеген соң, нәтижесін көзделген мақсатпен салыстыра отырып, біздің тараптан ұсыныстар берілетін болады. Мониторингке қатысқан ҚК мүшелеріне @beknur.kissikov , @shimanskaya_polina, @gulmira_01 үлкен алғысымызды білдіреміз! Егер де сіздердің қандай да бір ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз болса, info@almatykenes .kz поштасына жолдай аласыздар!


Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта