Кеңес мүшелерінің толық қолдауымен Жакупов Нұржан Бауыржанұлы бірауыздан кеңес төрағасы болып сайланды! Ол екінші шақырылымнан бері кеңес мүшесі және кәсіпкерлік, инвестиция, экология және туризм жөніндегі №4 комиссияға жетекшілік еткен. Әріптестері арасында зор беделге және сенімге ие!
Кеңес мүшелері Республика Құрылтайының депутаттары болып сайланған Махамбет Қабдулқаирұлы Хасенов пен Дидарбек Жұмағалиұлы Дильдабекке бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі!
Кеңес құрамына “QazaqOil” ЖШС-нің атқарушы директоры Нариман Бақтыбайұлы Әбілшайықов және Алматы қаласы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маратұлы Маманов сайланды.
Алда жаңа міндеттер мен мақсаттар күтіп тұр. Басты назарда – қаламыз бен оның тұрғындары!
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support