10 қыркүйекте Алматының Жетісу ауданында есірткі тұтынудың алдын алуға және жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға жол бермеуге арналған қалалық кездесулер циклі жалғасты. Диалог алаңын Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорымен бірлесіп, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырды. Талқылауға спикерлер қатысты: Сеитов Совет Саутович — «Almaty Sport Family» ЖШС директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі; Кенесбекова Салия Кенесбековна — психолог-нарколог дәрігер; Кобеев Даурен Аскарович — Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. Кездесу ашық диалог пен қызу пікірталас форматында өтті. Қатысушылар спикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасты және жастардың есірткі тұтынуға әрі оны таратуға тартылу қаупіне байланысты нақты жағдайларды талқылады. Жастар арасында мұндай қауіптердің алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ профилактикалық жұмыста азаматтық қоғамның мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жетісу ауданындағы кездесу Алматының барлық сегіз ауданын қамтитын қалалық диалог алаңдары циклінің алтыншы кездесуі болды. Алда тағы екі ауданда кездесу өтеді. Барлық диалог алаңдарында қатысушылар көтерген ұсыныстар, проблемалық мәселелер мен бастамалар жинақталып, жүйеленіп, одан әрі жұмыста пайдаланылатын болады. Жастардың қауіпсіздігі — ортақ жауапкершіліктен, ашық диалогтан және бірлескен іс-қимылдан басталады. #uvp_npo
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының сел және сейсмикалық қауіп-қатерлерге дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, бейінді қызметтердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алматы қаласының сейсмикалық және сел қауіпсіздігі, мониторинг және халықты хабардар ету жүйелерінің дайындығы, жедел әрекет ету және эвакуациялау шаралары, қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі, Read more…
