2022 жылғы 24 қарашада Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдады. Қабылдауға 4 тұрғын түрлі сұрақтармен келді, барлығына тиісті кеңес беріліп, 1 жазбаша өтініш ары қарай жұмыс үшін қабылданды.
Бұған дейін Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген болатын. Кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен қабылдау әр айдың соңғы жұмыс бейсенбісінде сағ.15.00-де Адалдық алаңында өткізілетін болады. Жібек Жолы д-лы, 15.
дөңгелек үстел
Қоғамдық кеңестің және “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ қорытынды дөңгелек үстелі.
Бүгін Қоғамдық кеңес “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ-мен бірлесіп “Қоғамдық кеңес: жұмыс қорытындылары және қоғамдық диалогты нығайту стратегиялары”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобасы аясында өтті.Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы: Оқыту бағдарламалары:Жыл Read more…