2022 жылғы 12 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссиясы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2021 жылғы және 2022 жылғы 6 айдағы есебін тыңдады.
23 адам қатысты, есеп тыңдалды және жыл соңына дейінгі қызмет жоспарларымен танысты. Басқарма басшысы Н.А. Тоғызбаева 17 сұраққа жауап берді, Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары ұсынымдар берді, МӘМ (медициналық – әлеуметтік мекемелер), мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын ҮЕҰ – ға 3 мониторингтік сапар өткізу және №5 комиссияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің 2 отырысын өткізу туралы шешім қабылданды.

18 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Алматыгенплан» өкілдерінің есептері тыңдалды.
Отырыс барысында қала құрылысы, сәулет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Баяндамашылар мазмұнды есептер ұсынып, презентациялық материалдар арқылы негізгі бағыттарға тоқталды. Комиссия мүшелері өзекті мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтарына жауап алды. Отырыс қорытындысы бойынша Read more…
