Құрметті Алматылықтар!
Алматы қаласының әкімдігі мен “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ “Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтарын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды” талқылауға шығарды.
Құжат жобасы “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ сайтында жарияланды. Әрбіріміздің 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы қаласын дамытудың негізгі жоспарын әзірлеу кезінде қаралатын және ескерілетін өз пікірлеріміз бен идеяларымызды жіберу мүмкіндігіміз бар.
Бұл дамуға, экономикалық өсуге, Алматының функционалдығы өркендеуіне және әрқайсымыздың өмір сүру сапасына қатысты болғандықтан, біз осы стратегиялық құжатты талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өткізуді жоспарлап отырмыз.
Қоғамдық кеңестің отырысына Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев, комиссиялардан мәслихат депутаттары, сарапшылар қауымдастығы қатысады.