Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлының жетекшілігімен Алматы қаласы Дін істері басқармасымен кезекті есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Үйсімбаев Ильдар Бақытұлы, сондай-ақ Қоғамдық және әлеуметтік даму комитетінің құрамында жұмыс істеуге ниет білдірген кандидаттар қатысты. «Алматы қаласы Дін істері басқармасының 2021 жылға арналған жұмысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» деген тақырыпта Алматы қаласы Қоғамдық Дін істері басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан Медсантұлы баяндама жасады.
Баяндаманы талқылау барысында жиынға қатысушылардың барлығы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жастар арасындағы жұмысты жақсарту, халыққа түсіндіру шараларын күшейту қажеттігін бірауыздан мақұлдады. Бөлім комиссияға атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру материалдарын, оның ішінде іске асырылған жобалар бойынша жан-жақты ақпарат пен талдауды қамтамасыз ететіндігі туралы келісімге келді. Ал, комиссия өз тарапынан Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында 2023 жылға арналған ұсынымдарды қалыптастырады.
дөңгелек үстел
Қоғамдық кеңестің және “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ қорытынды дөңгелек үстелі.
Бүгін Қоғамдық кеңес “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ-мен бірлесіп “Қоғамдық кеңес: жұмыс қорытындылары және қоғамдық диалогты нығайту стратегиялары”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобасы аясында өтті.Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы: Оқыту бағдарламалары:Жыл Read more…