14.06.2022ж. Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Азаматтардың Комитет жұмысына қатысу үшін өз кандидатураларын ұсыну туралы берген өтініштері бойынша, бұрын кандидаттар арасынан мынадай комиссиялар құрылған болатын: Қоғамдық даму және дін істері комитеті; Мәдениет істері жөніндегі комитет; Жастар ісі жөніндегі комитет; Спорт комитеті. Комитеттердің мүшелерін іріктеу Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі Президиумы мүшелерінің көпшілік даусымен жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі “AMANAT” партиясы Алматы қалалық филиалының әйелдер қанатымен бірлесіп Алматының сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын ұйымдастырды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кешенді шараларды қамтамасыз ету үшін халықты ақпараттандыру болды: * Алматы қ. ҚДБ “психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК мамандары, * кәмелетке Read more…