2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Жолаушыларға қызмет көрсету, ұйымдастыру және қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы Алматы халықаралық әуежайының қызметі туралы» қоғамдық тыңдау өткізеді.
Мақсаты: мемлекеттік органдардың, Алматы халықаралық әуежайының және қызмет көрсету сапасы мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әртүрлі қызметтердің қызметін талдау және қоғамдық бағалау.

Міндеттері:
– барлық уәкілетті органдар өкілдерінің қоғамдық тыңдаулар жөнінде ақпаратын тыңдау;
– Алматы халықаралық әуежайындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен оның жобаларын дайындау.

Модератор: Алшанов Р.А., Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16-18, «Тұран» университеті, акт залы, 3 қабат.

Өтетін күні және уақыты: 2020 жылғы 27 қаңтарда, басталуы сағ.15-00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 (727) 292-10-02.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта