Күні 22 қараша 2017 жыл
Уақыты: с 9.30 до 12.00
Өтетін жері: Алматы қ., Сәтпаев к., 16-18 үй, «Тұран» университеті,
4 қабат, ректорат, Ғылыми кеңестің мәжіліс залында
Күн тәртібі:
- Алматы қаласының қоғамдық кеңесінен шығып кеткен мүшелердің орнына сайлау жүргізу;
- Парк аумағын құру және қаланың Алатау ауданы Қарасу шағын аудандардағы көлді жақсарту жөніндегі жобаны талқылау (жауапты комиссия №2 АҚК);
- Әртүрлі;
Алшанов Р. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге көшеміз.
Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңесінен шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау жүргізу
ШЕШІМДЕР:
- Алматы қалалық Мәслихатының депутат болып сайлануына байланысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінен Д.Шыныбековті шығару.
- Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына келесі мүшелерді енгізу:
– Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы
– Шөпшекбаева Айгул Шөпшекбайқызы
– Шапенов Алібек Төлегенұлы