Кеңестің шешімімен:
1. Тау Сырымбек пен Ғазиз Қайсар Айдосұлы АҚК құрамынан шығарылды.2. Қайыржан Саясатұлы Әбдіхалықов оның өтініші бойынша білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі N5 комиссиясының құрамынан мәдениет, жастар саясаты, дін және спорт мәселелері жөніндегі N3 комиссиясына ауыстырылды.
3. Кеңес құрамына жаңа мүшелер кірді: Несіпқалиев Алмас Жұматұлы және Уйвасова Хадижат Мұсаннипқызы.
4. N2 комиссиясының төрағасы болып оның өтініші негізінде босатылған Марат Максимович Шибутовтың орнына Гүлмира Масабаевна Байгабулова сайланды.
5. N3 комиссия құрамында мемлекеттік тілді дамыту комитеті құрылды.
Сондай-ақ, кеңес қызметін жетілдіру мәселелері қаралып, қоғамдық бақылау шеңберінде іс-шаралар белгіленді.
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының сел және сейсмикалық қауіп-қатерлерге дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, бейінді қызметтердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алматы қаласының сейсмикалық және сел қауіпсіздігі, мониторинг және халықты хабардар ету жүйелерінің дайындығы, жедел әрекет ету және эвакуациялау шаралары, қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі, Read more…
