Кездесу барысында қаланың тарихи ғимараттары мен тарих және сәулет ескерткіштері мониторингінің бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Қоғамдық кеңес пен мониторингтік топтың мүшесі Ақбай Айдын Серікұлы Алматының тарихи-сәулет мұрасын қорғаудың алаңдатарлық жай-күйін атап өтіп, есеп берді. Мониторингтің негізгі мақсаты-қауіп төнген объектілерді анықтау, жоғалған ескерткіштерді бағалау және оларды сақтау, қалпына келтіру және танымал ету бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.
Мониторинг сонымен қатар мәдени мұраны қорғаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен диалогты бастауға бағытталған.
Туризмді дамыту үшін тарих және мәдениет ескерткіштерін бейімдеу туралы Қоғамдық кеңес мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Жакупов баяндама жасады. Өз сөзінде ол Алматы үшін де, ел үшін де құндылығы бар бірнеше мәдени нысандар сапасыз реконструкцияларға, күтімнің жеткіліксіздігіне және бақылаудың әлсіздігіне байланысты тәуекел аймағында екенін атап өтті. Кейбір жағдайларда тарихи маңызы бар объектілердің тозуын және жойылуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту қажет.
Дөңгелек үстел тақырыбы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленді, оларды әрі қарай қарау және шешімдер қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.