Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында мониторингтік топ Алматы қаласының тарихи ғимараттары мен сәулет ескерткіштеріне мониторингтің кезекті кезеңін өткізді.
Бұл кезеңде төрт тарихи ғимарат тексерілді.
Сайран автовокзалы, Спорт даңқы мұражайы, Мәдениеттерді жақындастыру орталығы және «Қазақконцерт» ғимараты.
Алматы қаласының тарих және мәдениет ғимараттарына мониторинг құрылыс құрылымдарын және жалпы техникалық жағдайын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Ол объектінің функционалдық мүмкіндіктерінің тұтастығына қауіп төндіретін, сондай-ақ оның объектінің өзінің де, жалпы Алматы қаласының тарихи келбетіне сәйкестігіне қауіп төндіретін келеңсіз процестерді уақтылы анықтау, алдын алу және жою мақсатында жүзеге асырылады.
Мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар әзірленіп, беріледі. Сондай-ақ, қоғамдық мониторингтің барлық өткен кезеңдерінің қорытындысы бойынша 2024 жылғы 27 қыркүйекте сағат 11-00-де А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.