Мониторинг барысында біздің команда қызмет көрсету сапасын, туристерге ұсынылатын материалдардың өзектілігін бағалады және біздің қала қонақтарында қандай сұрақтар жиі туындайтынын анықтады. Бұл іс-шаралар бізге жақсарту үшін негізгі бағыттарды анықтауға және Алматыны туристер үшін одан да тартымды етуге көмектеседі.
Жақын арада біздің қаламызда туризмді дамыту бойынша одан әрі шараларды талқылауға арналған маңызды іс-шара өтеді. Кездесудің басты тақырыбы Алматыны туристік орталық ретінде ілгерілету стратегияларын, сондай-ақ “туризм бюросы”ЖШС дамыту жоспарларын талқылау болмақ.
Біз туризм саласының өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды және барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырамыз. Қолайлы орта құру және қаламызға жаңа туристерді тарту үшін барлық тараптардың пікірлерін ескеру маңызды.
Іс-шараға аккредиттеу уақыты, орны және тәсілі әлеуметтік желілерде және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің сайтында жарияланады
Барлық қызметкерлер мен қатысушыларға біздің қаламыздағы туристік саланы дамытуға белсенді жәрдемдескені және ұмтылғаны үшін алғыс айтамыз. Алда әлі көп жұмыс күтіп тұр, бірақ біз бірге жоғары сапа стандарттарына қол жеткізе аламыз!
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.