Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының қолдауымен “ақпараттық – ресурстық орталық” ҚҚ ұйымдастырған “Адал Ұрпақ” жобасының қоғамдық тыңдауы өтті. Тыңдауға Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары, ЖОО басшылары, ҮЕҰ өкілдері, студенттер, жастар, Медеу ауданы мектептері директорларының орынбасарлары, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайыржан Әбдіхалықов, сондай-ақ азаматтық белсенділер қатысты. Жобаның мақсаты қала жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ жалпы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі осы кешенді шаралардың стратегиясын белгілеу.
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.