ҚК отырысы
2 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, оған Алматы қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Б. Асанова, кеңес сарапшылары
ПИК/МИБ төрағалары, азаматтық белсенділер қатысты. Отырыс барысында тұрғын үй саласының өзекті мәселелері талқыланды, әркімнің өз сұрақтарын, көзқарасы мен түрлі маңызды және ауыр әлеуметтік-қоғамдық тақырыптарға қатысты ұсыныстарын айтуға мүмкіндігі болды. Барлық сауалдар кейстерге қалыптастырылып, қала басшылығының, бейінді басқармалардың, министрліктердің, Мәжілістің өкілді органдарының және ҚР Парламенті Сенатының қарауына берілетін болады.