3 шілдеде №3 комиссияның коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік мәселелері бойынша мүшелері мен сарапшыларының бірлескен отырысы өтті.

Таныстық, бірінші кезектегі міндеттерді белгіледік және Қоғамдық кеңес мүшесі Т.Т. Нұртаевтың Сәтбаев – Мәсәнші – Байтурсынов көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстарына қатысты бастамасын ескердік. Комиссия төрағасы Асқат Қабашевтің атынан әрбір қатысушыға бөлген уақыты мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясы Қала құрылысын бақылау басқармасының есебін тыңдады

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясы Қала құрылысын бақылау басқармасының есебін тыңдады 2025 жылдың 2 шілдесінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясының отырысы өтіп, онда Қала құрылысын бақылау басқармасының (ҚҚББ) 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы есебі тыңдалды.ҚҚББ-ның негізгі жұмыс бағыттары талқыланды:• Қала бойынша 1371 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 439-ы Read more…

Хабарландыру!

№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.

18 наурызда Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің № 1 комиссиясының отырысында “Алматы қаласының қаржы басқармасы”КММ есебін тыңдау өтті.

Қаржы басқармасының ағымдағы жылдың 1 наурызына арналған бюджеті 304,5 млрд теңгені құрайды. = Алматы қаласының бюджетін жоспарлау . Алматы қаласы ел бюджетінің негізгі доноры болып табылады (ел экономикасының бестен бір бөлігін қалыптастырады). 2025 жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 2 223,8 млрд.теңгені құрайды (Үкімет резервін ескере отырып), оның ішінде бюджеттік алулар Read more…

18 наурызда Қоғамдық кеңестің №1 комиссиясы Алматы қаласының «Мемлекеттік активтерді басқару басқармасы» КММ-нің есебін тыңдады.

Бұл басқарма коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша қаржылық есептіліктің жиынтығын жасауды жүзеге асыратын маңызды басқармалардың бірі болып табылады. Басқарма қызметкерлерінің баяндамаларында атқарылатын функциялар бойынша негізгі көрсеткіштер хабарланды: Қысқаша негізгі мәліметтер: АО, ЖШС, Read more…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support