Шараға Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Көбеева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қ. бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қ.Сәлімбаев, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы И.Шаметеков, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фарцевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Д.Даулетбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Ж. Кенжебаева, аудандық медицина бірлестіктерінің бас дәрігерлері, Алматы қ. Қоғамдық кеңесі мен жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Шара барысында жұмыс тобының жетекшісі, Қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Қасымжанова ұсынған Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жұмысындағы мониторинг нәтижелері, Басқарма басшысы И.Шаметековтің ақпараты тыңдалды. Талқылау кезінде қатысушылар тар ауқымды мамандар көрсететін медициналық қызметтің қолжетімділігінің төмендігін, дәрілік қамтамасыз етудегі кемшіліктер және т.б. сұрақтарды ортаға салды.

Талқылау нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстар енгізілді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта