Форумға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 11 мүшесі қатысты. Форум алаңдарында 7 сессия және бірнеше онлайн форсайт сессиялары өткізілді. Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшелері барлық отырыстарға қатысты, ал №5 панельдік сессия – «Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» диалогтық алаңында Қоғамдық кеңес төрайымы Алтынай Көбеева, ҚК мүшелері Бекнұр Қисықов, Айгүл Шопшекбаева, Рафаэль Гасанов және Марлен Рысбеков сөз сөйледі. Алматы қаласы ҚК мүшелері өз сөзінде Қоғамдық кеңес қызметін жүзеге асырудың әртүрлі аспектілеріне тоқталды, әсіресе, Алматы қаласы бойынша қоғамдық мониторинг пен қоғамдық тыңдауларды өткізудегі практикалық тәжірибесіне қатысты өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері Алматы Азаматтық альянсы ұйымдастырған «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу барысындағы өңірлік аспект» атты Азаматтық форумының №6 панельдік отырысына белсенді қатысты. Осы сессияда білімге қолжетімділік, салауатты өмір салты, экология, ТДМ-ға қол жеткізудің өлшемділігі және т.б. мысалдар арқылы Алматы қаласының Тұрақты даму мақсаттарға қол жеткізу және оқшаулау бойынша өңірлік тәжірибесі қарастырылды. Бұл сессияның модераторы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайыржан Абдыхалықов болды. Сессияда сөйлеген спикерлердің бірі Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің сарапшысы Василий Шахгулари болды.

Жалпы алғанда, Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы жоғары деңгейде өтті, қалалық Қоғамдық кеңес пен Алматы Азаматтық альянсы мүшелерінен құралған Алматы делегациясы Форумның барлық сессияларына қатысып, еліміздегі азаматтық қоғам дамуына қатысты мәселелерді белсенді түрде насихаттады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта