Диалог алаңын № 3 Алматы Қоғамдық Кеңесінің азаматтық қоғамды, мәдениетті, спортты, дінді және жастарды дамыту жөніндегі комиссиясы ұйымдастырды.

 

Іс-шараға қала тұрғындарын, қоғамдық белсенділерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерін, Алматы Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшыларын шақырдық. Жақында ғана бұл мәселені қала тұрғындары көтерді. Сондықтан бұл тақырып әлі де өзекті болып келеді. 

Шараға аудандық әкімдіктер мен қалалық спорт басқармасының өкілдері шақырылды. Бұл Алматы қаласындағы футбол алаңдары мәселесіне қатысты алғашқы шара. Диалог алаңының барлық қатысушыларына мәселенің мәні бойынша сөйлеуге мүмкіндік берілді. Барлық сұрақтар мен түсініктемелер қаланың әрбір аудандарда өтуге жоспарланған диалог алаңдары шеңберінде талқылауға енгізу үшін видеобейнеге түсірілді.Қазан айында қаланың сегіз ауданында қоғамдық пайдалану спорт алаңдарының проблемалық мәселелері бойынша диалог алаңдары өткізіледі. Өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген анонстар қосымша жарияланатын болады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта