Алматы қаласы Құрылыс басқармасының “Бюджеттің атқарылуы және 2021 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі” туралы Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің No2 комиссиясы есебін тыңдады,  қаысушылар – Қоғамдық кеңес мүшелері М.Шибутов, А.Наурызбаев, Г.Байғабулова, Ж.Құрабаева, Қоғамдық кеңестің сарапшылары (А.Ақбай, В.Кольточник), қоғам белсенділері (М.Қопанов, А.Есжанұлы, М.Тоқмурзиев). Модераторы ҚК No2 комиссия төрағасы Марат Шибутов, есеп беруші Алматы қаласының  Құрылыс басқармасының орынбасары Оналбаев Улан Айтидантович.

Анықтама үшін

«Алматы қаласының Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы құрылыс саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

Құрылыс бөлімінің міндеттері:

  • жайлы және қауіпсіз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды салу;

  • Қайта құру және сейсмикалық күшейту арқылы әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін арттыру;

  • сапа мен жайлылықтың жаңа стандарттарын, қоғамдық кеңістіктерді салу және жақсарту технологияларын енгізу;

  • әлеуметтiк, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының объектiлерiмен қамтамасыз ете отырып, қала аумағын және шағын аудандарды тұрғын үй құрылысын ұтымды дамыту;

  • отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, жаңа құрылысқа инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыруды ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру.

Жиналғандар үшін Құрылыс басқармасының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы және нысаналы даму көрсеткіштері туралы таныстырылым өтті. Ол, сондай-ақ бұрын жіберілген материалдар https://almatykenes.kz/ru/2022/08/08/8544/ арнайы парақшасында орналастырылады.

Салынып жатқан нысандарды тапсыру мерзімін кейінге қалдыру, олардың құрылыс сапасы, сатып алу конкурстарын өткізу, жеке әлеуметтік нысандардың құрылысы, құрылыс мерзімі мен құрылыс шарттарына қатысты сұрақтар қойылды. Сұрақтардың көпшілігіне жауап берілді, жауапсыз қалған сұрақтар бойынша Құрылыс басқармасына және әкімдіктің басқа да бөлімдеріне сұраныс жіберіледі. Ұсыныстар да Басқармаға жіберіледі.

Құрылыс басқармасының есебі қабылданды.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта