Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қалалық Полиция департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы Арыстанғали Заппаровпен кездесті. Кездесу барысында А. Заппаров негізгі мақсаты халықтың полицияға деген көқарасын түбегейлі өзгерту болып табылатын сервистік модельге көшу бойынша өз жоспарларымен бөлісті.
Қоғамдық кеңес төрағасы А. Көбеева қаладағы қаржы пирамидалары, синтетикалық есірткі, пробация, мектеп оқушыларының қауіпсіздігі сияқты мәселелерге жаңа басшының назар аударуын сұрады.
Қоғамдық кеңес №1 комиссиясының төрағасы, кеңестің Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің төрағасы Б. Жапаров Алматы қаласы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлпеті, бұл қалада орын алатын оқиғалар дер кезде әлемдік БАҚ құралдарында көрініс табатынын ескеріп, қауіпсіздік мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Кездесуге қатысқан комиссия мүшелері басқа да күрделі мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, Полиция департаментімен қаладағы жағдайды жақсарту бойынша бірлескен жұмыс жөнінде келісті.
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта