Жақында Бахтияр Камаловтың жетекшілігімен Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің Әлеуметтік даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында жаңадан құрылған Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Меңдіғалиев Қайыржан Ермекұлының «өткен 2021 жылда жастармен жүргізілген жұмысының және Жастар саясаты басқармасының 2022 – 2023 жылдарға арналған алдағы уақытта атқарылатын міндеттері туралы» баяндамасы тыңдалды.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы И.Б. Үйсімбаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары м.а. К.А.Сәлімбаев, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі комиссиясы жанындағы жаңадан құрылған Жастар ісі жөніндегі комитеттің мүшелері қатысты. Баяндаманы талқылау барысында жиынға қатысушылардың барлығы дерлік жастардың жан-жақты рухани, мәдени-ағартушылық, кәсіптік, физикалық дамуы үшін жастарға жағдай жасау мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы басты мақсат болып саналатындығына өз көзқарастарын білдірді. Кездесу нәтижесінде Комиссияға атқарылған жұмыстарға байланысты барлық есеп беру материалдарын, оның ішінде жүзеге асырылған жобалар бойынша жан-жақты ақпарат пен талдауды ұсыну керектігі туралы келісімге қол жеткізілді. Комиссия өз тарапынан 2022-2023 жылдарға арналған жастар саясаты басқармасының қызметін жетілдіру ұсынымдарын қалыптастырады.
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта