АНОНС

Сіздерді “Алматы агломерациясы бойынша қоғамдық көлік инфрақұрылымының жай-күйі және даму перспективасы” мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауға шақырамыз.

 

Өтетін күні: қарашаның 24-де 2021 ж. (сәрсенбі), уақыты: сағат 11:00

Өтетін орны: Алматы қ, Сатпаев к. 16, «Туран» университеті, акт залы, 3-ші қабат.

Мақсаты: көліктің қала ауасының тазалығына әсерін төмендетуді ескере отырып, агломерацияның көлік инфрақұрылымын дамыту проблемалары мен перспективаларын талқылау, қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру, Алматы қаласында бірыңғай тұрақ кеңістігін құру.

Міндеттері:

* Жұртшылықпен және қоғамдық ұйымдармен жүйелі өзара іс-қимыл кезінде Алматы агломерациясының қоғамдық көлігін дамытуды жоспарлау;

* Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маршруттар кестесін және қызмет көрсету мәдениетін сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлау. Маршруттық желіні оңтайландыру, электрондық билеттеу операторының қызметі;

* Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету. Заңсыз жолаушылар тасымалын жою.

Модератор: Джапаров Б.А.– Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясының төрағасы.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары, УГМК басшылығы, мемлекеттік органдар мен тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері, БАҚ, белсенділер мен Алматы қаласының тұрғындары.

Қоғамдық тыңдауда көлік инфрақұрылымын дамыту және агломерацияның қоғамдық көлігі басқармасы мәселелері қаралатын болады. Сындарлы талқылау, пікір алмасу негізінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленетін болады.

Спикерлер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары-С.Д. Құсайынов, Алматы қаласы әкімдігінің Жасыл экономика және қалалық ұтқырлық басқармаларының басшылығы.

 

БАҚ – ты және барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға онлайн қатысуға шақырамыз, конференцияға қосылу кезінде өзіңіздің аты-жөніңізді, БАҚ – БАҚ атауын жазуды сұраймыз.

Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі, Сіздерді жоспарланған конференцияға шақырады: Zoom.

 

ZOOM конференциясына қосылу: https://us06web.zoom.us/j/81176739321?pwd=MlhBSXh4b2t0bzR1TjE3Y1JGc3AxUT09

Конференция идентификаторы: 811 7673 9321

Кіру коды: 385943

Байланыс – mail:info@almatykenes.kz

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта