Алматыда қолма-қол ақшасыз айналым көлемі 2,8 есе өсті

Бірінші жартыжылдықта қолма-қол ақшасыз айналым көлемі 2,8 есеге артып, 12,7 трлн. теңгені құрады. Бұл мәлімет Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың мегаполистің Қоғамдық кеңесінің отырысында сөз сөйлеуінде белгілі болды. Оның айтуынша, экономиканың басқа секторларында да оң динамика байқалады: электрондық сауда саласында (718,1 млрд теңге, өсім 2,3 есе), сауда саласында (7,6 трлн теңге, өсім 6,4%), өнеркәсіп саласында (783 млрд теңгеге өнім өндірілді, өсім 22,3%), өңдеу өнеркәсібінде (644 млрд теңге, өсім 23,3%). Ағымдағы жылдың 8 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 16% өсіп, 629,8 млрд теңгені құрады. Индустриялық аймақты дамыту жүргізілуде, “ИТП”АЭА аумағында 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 8 өндірістік алаңды жобалау басталды.

“Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өңірлік және мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 191,6 млрд теңгеге 1,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. “БЖК – 2025” бағдарламасы бойынша ХӘОТ санатынан 326,5 млн теңге сомасына 106 жоба мақұлданды. “Еңбек” бағдарламасы аясында 757 адам жалпы сомасы 441 млн теңгеге 200 АЕК көлемінде өтеусіз гранттар алды”, – деп хабарлады Мақсат Қиқымов.

Жалпы алғанда, әлеуметтік көмекті 138 мыңға жуық Алматы тұрғындары алады. Маусым айында әлеуметтік қызметтер үйінің ашылуы өтті, онда тұрғындарға “бір терезе”қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтердің барлық спектрі көрсетіледі. Бүгінгі таңда ӘҚКҮ-не келіп тұру күніне шамамен 500 адамды құрайды.

Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін “Шыңға өрлеу” әлеуметтік жобаларын іске асыру жалғастырылуда (2,2 мыңнан астам бала оқытылды). “TenQogam “мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы” (295 адам біліктілік алуға және жұмысқа орналасуға қолдау алды), “Белсенді ұзақ өмір сүру” (25,3 мыңнан астам зейнеткер тіркелген 9 орталық жұмыс істейді), “Бақытты отбасы” (9 орталық жұмыс істейді, 35,2 мың адам қызметтерді пайдаланды), “ISKER ANA”әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы сияқты жобалары іске асырылады.

Травматологиялық және нейрохирургиялық бейіндегі мүгедек адамдар үшін, 150 орындық жүрек–қантамыр патологиясы бар мүгедек адамдар үшін оңалту орталығын, тәулігіне 500 адамға дейін өткізу қабілеті бар мамандандырылған спорт кешенін салу жоспарлануда. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бұрынғы ғимаратын психоневрологиялық патологиялары бар адамдарға арналған көп бейінді оңалту орталығына қайта бейіндеу жүргізілуде.

Туризм саласында да қарқынды даму байқалады. 7 ай ішінде туризм индустриясына инвестициялар 2,4 есе өсіп, 56,8 млрд теңгені құрады. Инвестицияның жалпы сомасы 15,8 млрд теңге болатын “Holiday Inn Express” қонақ үйін (нөмірлік қор – 184), “Жетісу” қонақ үйін (нөмірлік қор – 224) ашу жоспарлануда. Жыл соңына дейін экологиялық туризм саласында 27 млрд теңгеге 9 жобаны іске асыруды бастау жоспарлануда.

Ұқсас мақалалар

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары И.Е.Өсеровтың сөзінен. (10.09.2021)

Қоғамдық кеңес отырысында Алматының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды   23 тамызда Алматы қаласының бюджет қаражатын бөлу процесіне тұрғындардың қатысуын қарастыратын «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Толық оқу…

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабакумаров Е.Ж. (10.09.2021)

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһарда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет жүйелерін дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау жүйесі – басты әрі негізгі Толық оқу…

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әзірбаев М.Б. сөйлеген сөзінен. (10.09.2021)

“Мектеп құрылысы мәселесінен бастап, заңсыз нысандарды тексеру, ЖЭО-2 жаңғырту және жылыту маусымына дайындық –  қоғамдық кеңес аясында не айтылды?». Өткен жұмада Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Қала билігі Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support