2021 жылы 2 маусым күні Қоғамдық кеңестің № 3 комиссиясының кәсіпкерлік, экология және қалалық мобильдік мәселесі бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы төрағасы Б. К. Қоңырбаевтың 2020 жыл бойынша есебі тыңдалды. Басқарма төрағасы өз есебінде өткен жыл бойынша карантиндік жағдайдағы басқарма қызметінде туындаған мәселелер және оның шешілу жолдары жайында, атқарылған жұмыс нәтижелерімен және алдағы жоспарлармен бөлісті. Есеп барысында Б. Қоңырбаев мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, Алматы қаласының IT-кеңесі, қаланың бірегей архитектурасы және ақпараттық жүйелерді жабдықтау, бизнестің бірегей картасы және жүзеге асыруға арналған ұсыныстар сияқты біршама актуалды тақырыптарды қозғады. Сонымен қатар, басқарма төрағасы өз есебін қоғамдық қауіпсіздік, көлік саласы, қаланы басқару, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала сияқты бағыттардағы цифрландыру деңгейін жүйелі жеткізді. Тыңдалған есеп беруден кейін отырысқа қатысушы кеңес мүшелері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар алынды. Отырыс соңы Цифрландыру басқармасы төрағасының есебін қабылдаумен аяқталды.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта