Құрметті алматылықтар!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурызында 08 сағат 00 минутынан бастап 2020 жылғы 15 сәуірдің 07 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.

Осы себепті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс форматына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеміз:

  1. Карантиннің қолданылу кезеңінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесінде мәжілістер, қоғамдық тыңдаулар, кездесулер және т. б. тоқтатылады.
  2. Жеке түрде қатынасу тоқтатылады. Барлық өтініш-хаттарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін электрондық пошта: info@almatykenes.kz арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.
  3. Барлық сұрақтар бойынша 292 10 02 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы “Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы” Қаулысын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында қабылданды.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрметпен, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі

 

Ұқсас мақалалар

2. Ыңғайлы қалалық қоршаған ортаны қорғау комиссиясы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2021 жылы 2 маусым күні Қоғамдық кеңестің № 3 комиссиясының кәсіпкерлік, экология және қалалық мобильдік мәселесі бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы төрағасы Б. К. Қоңырбаевтың 2020 жыл бойынша есебі тыңдалды. Басқарма Толық оқу…

Жаңалықтар

АНОНС

2021 жылы 28 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және кеңістікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп «Қаланың атмосфералық ортасы: Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ахуалы, сапасын жақсарту жолдары Толық оқу…

Жаңалықтар

Ақпарат

Тұрғындардың өтінішіне байланысты Терренкур демалыс аймағына барып, қарастырдық. Оған Алматы қаласының тұрғындары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қалалық мобильділік басқармасы, Жасыл экономика басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жаяу жүргіншілердің Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support