Кеңес комиссиялары алдағы үш айға арналған жұмыс жоспарларын ұсынды, өйткені ағымдағы құрамның өкілеттіктері ағымдағы жылдың сәуір айында аяқталады. Осыған байланысты назар мен күш-жігер қаланың ең өзекті және проблемалық мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Талқылаудан кейін жоспарлар мақұлданды. Кеңестің жалпы жұмыс жоспарымен ресми сайттан танысуға болады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына “Ақ жол” партиясының Алматы филиалының төрағасы Нұралдинов Олжас Ертайұлы қабылданды, ол бұрын кеңестің резервінде болған, кеңестен шығып кеткен Данияр Халитовтың орнына келді . Отырыс соңында Мәслихат төрағасы Алматының қоғамдық кеңесі тиімді және нәтижелі жұмыс жүргізе отырып, республикадағы қоғамдық кеңестер арасында ең белсенділердің бірі болып табылатынын атап өтті. Мәслихат атынан кеңес мүшелерін қаланың дамуына және азаматтық сананы арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін “заңгер” төсбелгілерімен және “мәслихаттың 30 жылдығы” медалімен марапаттады.
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының сел және сейсмикалық қауіп-қатерлерге дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, бейінді қызметтердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алматы қаласының сейсмикалық және сел қауіпсіздігі, мониторинг және халықты хабардар ету жүйелерінің дайындығы, жедел әрекет ету және эвакуациялау шаралары, қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі, Read more…
