11.06.2022ж. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы қаласында халықпен кездесті. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде Рамазан Бекбол Батыржанұлы осы жиналысқа қатысты. Министр өз сөзінде бірнеше өзекті мәселелерді қозғады, соның ішінде: атом электр станциясын салу, газ бағасын тұрақты ұстап тұру, қаладағы ЖЭО, жалпы алдағы жұмыстар туралы және тағы басқалар. Кейін жиналғандар қойылған сұрақтарға да жауап берді.
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының сел және сейсмикалық қауіп-қатерлерге дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, бейінді қызметтердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алматы қаласының сейсмикалық және сел қауіпсіздігі, мониторинг және халықты хабардар ету жүйелерінің дайындығы, жедел әрекет ету және эвакуациялау шаралары, қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі, Read more…


