2022 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің №1 комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес комитеттер мен сараптамалық топтардың атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Комитеттер мен сараптамалық топтардың жұмыс жоспарларын қайта қарау туралы жалпы шешім қабылданды. Талқылау нәтижелерін назарға ала отырып, Комиссия мүшелері алдағы уақытта қоғамдық кеңесті тыңдау үшін ұсынылатын мәселелерді талқылады.
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық Read more…



