Бүгін Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Төралқаның II отырысын өткізді, Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 100 күндік жұмысының қорытындысын алдын-ала талқылау (комиссия төрағалары);
2.Қоғамдық кеңеске (Қоғамдық кеңес хатшысы) өтініштердің орындалуы туралы ақпарат;
3.Әртүрлі;
4. Қорытындылау.
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық Read more…


