Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың қараша айының соңында қалалық ұтқырлық мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Күні мен уақыты кейінірек нақтыланады. Күн тәртібінде қаралатын болады:
1. Алматы қаласында қоғамдық тасымалдарды жүзеге асыратын мекемелердің күзгі-қысқы кезеңге дайындығы.
2. Электрондық билеттеу операторларының нарығында бәсекелестікті дамыту және “ТХА” ЖШС жұмысы; автобус тасымалы маршруттарының желісін оңтайландыру және заңсыз жолаушылар тасымалын жою.
3. Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Алматы қаласында таксомоторлық тасымалдарды дамыту.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі кеңестің IV шақырылымының жұмыс кезеңіндегі қызметінің қорытындысы бойынша жалпы отырысының өтетінін хабарлайды. Отырыс 17 шілдеде сағат 16.30-да өтеді. Қатысқысы келушілер төменде көрсетілген сілтеме арқылы zoom-конференция форматында қосыла алады. Zoom конференциясына қосылу Read more…
