Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі сізді Кеңес басшылығымен таныстырады, және олар ҚК комиссияларының қызметі туралы қысқаша айтып береді. Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша өтініштеріңізді электронды поштаға жібере аласыз : info@almatykenes.kz
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық Read more…
