25.08.2022 ж. Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің алаңында “Алматы жас тары “жеңілдетілген несие берудің мемлекеттік бағдарламасының ашықтығы мен қолжетімділігі” тақырыбында кездесу өтеді . Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіне Бағдарламаға қатысушылардың кандидатураларын негізсіз, қабылдамауға, бағдарлама операторларына сенімсіздікпен қарауынан кейін барлық мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің, Бағдарлама операторының қатысуымен осындай кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Егер Сізді осындай кездесу тақырыбы толғандыратын болса, сіз бағдарламаның қатысушысы болдыңыз немесе сіздің өтініміңіз қабылданбады , сізді кездесуге шақырамыз. Қатысушылардың уақытын оңтайландыру, мәселелерді жүйелеу және туындаған мәселелер бойынша сындарлы шешім әзірлеу үшін сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Kurabayeva.zhanar@gmail.com
немесе WA нөмірі: 87772526068
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық Read more…
