19 шілдеде Қоғамдық Кеңестің Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлескен отырысы өтті.
Атқарылған жұмыстар туралы төменде көрсетілген тақырыптар бойынша есеп тыңдалды:
✔ Жалпы орта білім бойынша:
• Алматы қаласы республикалық, халықаралық олимпиадаларда, республикалық ғылыми жобалар конкурстарында жетекші орын алады;
• Алматы қаласының командасы әлемнің ірі қалалары мен астаналары оқушыларының арасында ІІІ Халықаралық Мәскеу Олимпиадасында жетекші орынға ие болды;
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) 2018 жылы 12-19 сәуір аралығында Алматы қаласының мектептерінде өткізілді. Қаламыз Қазақстан бойынша ОЖСБ-да үздік нәтижелер көрсетті;
• ҰБТ-да Алматы қаласының орташа балы республикалық көрсеткіштен жоғары болды;
• Жыл сайын “Үздік педагог”, “Үздік педагогикалық ұжым” байқаулары өткізіледі»;
• Бастауыш сынып және пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтті;
• Сондай-ақ, Алматы қаласының мектептері пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық жобаға енгізілді;
✔ Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие:
• Мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспеушілігі;
• Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары оқу-тәрбие процесінде “Step by Step”, “Smart English”, “Е-block”, “Электронды қазақ үй”, “Асық терапиясы”, “Stand Up Innovations Kazakhstan”, “Robot technika”, жиналмалы киіз үй және т. б. элементтерін кеңінен қолданады;
• Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар-тренингтерге қатысты;
• “Рухани жаңғыру” жобасы аясында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары мен тәрбиеленушілері арасында дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, ашық байқаулар, қалалық байқаулар өткізілді;
✔ Техникалық және кәсіптік білім:
• 153 кәсіпорынмен түлектерді кепілді жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол қойылды;
• Алматы қ. колледждері халықаралық кәсіби шеберлік байқауларында жетекші орынға ие;
✔ ІІД, прокуратура және Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, оқушылар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді;
✔ Жазғы демалыс кезінде сауықтыру демалыстары, бос уақыт және балалардың жұмыспен қамтылуы
диалог платформасы
Ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қаланың сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын өткізді
Олардың мақсаты буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балаларды ақпараттандыру және оларға психологиялық қолдау көрсету болды. Бұл іс-шаралар ата-аналарды да, тәрбиешілерді де толғандыратын өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. Алаңда “психикалық денсаулық орталығының” директоры Рахменшеев Read more…