2023 жылғы 27 шілдеде Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері

мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қабылдауына тұрғын үйлердің ортақ пайдалануға арналған орындарына қатысты сұрақпен бір топ азамат жазылды. Көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты, сұрақты тиісті мекемелер өкілдерінің қатысуымен қарастыру туралы шешім қабылданды. Шараға Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Мемлекеттік Read more…

2023 жылғы 11 шілдеде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебін тыңдады

Басқарма басшысы Данияр Қырықбаевтың баяндамасы тыңдалған соң, қатысушылар өздерінің сұрақтарын ортаға салды. Қаладағы зираттарға, жерлеу рәсімдеріне қатысты заңнамаға, мүлік иелері бірлестіктері (ОСИ) жұмысын реттеуге, дератизация мен ауланы тазарту бойынша жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға басқарма қызметкерлері жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс жасау келісілді.

2023 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясының Құқықтық тәртіп бойынша комитеті қалалық

Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Д.Дуанбековтің, Жедел басқару басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Тоқтамысовтың, Автокөлік шаруашылығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ш.Бердиллаевтың есептерін тыңдады. Шараға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Көбеева, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясының төрағасы Б.Жапаров, Алматы қаласы мәслихатының депутаты М.Зулеев, Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының Read more…

2023 жылғы 08 ақпанда Алматы қ. Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста Комитеттер мен сараптау топтарының 2023 жылға жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жоспарларда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша тыңдау, дөңгелек үстел мен мониторингтік шаралар өткізу көзделген. Соның ішінде, 17 ақпанда «Алматы агломерациясы қоғамдық көлік инфрақұрылымының жағдайы мен дамуы» тақырыбында тыңдау өткізу жоспарланып отыр.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта