1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2023 жылғы 11 шілдеде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебін тыңдады
Басқарма басшысы Данияр Қырықбаевтың баяндамасы тыңдалған соң, қатысушылар өздерінің сұрақтарын ортаға салды. Қаладағы зираттарға, жерлеу рәсімдеріне қатысты заңнамаға, мүлік иелері бірлестіктері (ОСИ) жұмысын реттеуге, дератизация мен ауланы тазарту бойынша жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға басқарма қызметкерлері жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс жасау келісілді.