ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

26.10.2023 ж. сағ.15.00-де Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен Read more…

2023 жылғы 14 қыркүйекте Б. Жапаровтың төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Рахимов пен қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы А. Көбееваның қатысуымен Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің №1 комиссиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасында және Алматы қаласы қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг нәтижелері қаралды. Мемлекеттік активтер басқармасындағы қызметті зерделеген жұмыс тобының басшысы Б. Мақұлбаев басқарма мен тиісті органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік және тәркіленген Read more…

2023 жылғы 31 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жаңадан тағайындалған басшысы Арман Рахимовпен кездесті.

Қатысушылар Комитет төрағасы Б.Жапаровтың комитеттің 2023 жылдың 8 айында жасаған жұмысы бойынша ақпаратын тыңдап, жыл соңына дейінгі жоспарларымен танысты. Сонымен қатар, Алматы қаласының 3 басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жағдайының мониторингісін өткізген жұмыс топтары жетекшілерінің ақпараты, Қоғамдық кеңес пен оның құрылымдық бөлімшелері мен департамент арасындағы өзара әрекеттестік мәселелері, Read more…

2023 жылғы 27 шілдеде Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері

мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қабылдауына тұрғын үйлердің ортақ пайдалануға арналған орындарына қатысты сұрақпен бір топ азамат жазылды. Көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты, сұрақты тиісті мекемелер өкілдерінің қатысуымен қарастыру туралы шешім қабылданды. Шараға Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Мемлекеттік Read more…

2023 жылғы 11 шілдеде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебін тыңдады

Басқарма басшысы Данияр Қырықбаевтың баяндамасы тыңдалған соң, қатысушылар өздерінің сұрақтарын ортаға салды. Қаладағы зираттарға, жерлеу рәсімдеріне қатысты заңнамаға, мүлік иелері бірлестіктері (ОСИ) жұмысын реттеуге, дератизация мен ауланы тазарту бойынша жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға басқарма қызметкерлері жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс жасау келісілді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта