Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының 2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша есебі тыңдалды.Студенттер мен жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі; балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау, құмар ойындар мен нашақорлық проблемалары; шетел университеттерінің филиалдарын ашу сұрақтары; жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту және Алматы қаласы жастарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған басқа да бағдарламалар талқыланды.
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.