Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының 2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша есебі тыңдалды.Студенттер мен жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі; балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау, құмар ойындар мен нашақорлық проблемалары; шетел университеттерінің филиалдарын ашу сұрақтары; жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту және Алматы қаласы жастарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған басқа да бағдарламалар талқыланды.
Алматыда пациенттерді қолдау қызметінің мәселелері талқыланды: Зәуреш Аманжолова мен Алтынай Көбеева жетекшілік ететін диалог алаңының нәтижелері
Кеше Алматыда қалалық медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметінің (ПҚҚ) жұмысына арналған диалог алаңы өтті. Шара, Зәуреш Аманжолова басқаратын Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау комиссиясының, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаты Алтынай Көбееваның қатысуымен өтті. Диалог медициналық қызметтердің Read more…