Жаңалықтар
Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың қаңтар айында “AMANAT” партиясы АҚФ әйелдер қанатымен бірлесіп, Алматы қаласының сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын өткізді.
Алаңда шақырылған спикерлер Диана Ерлан Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім басқармасының өкілдері сөз сөйледі.Бұл іс-шаралардың басты мақсаты балалардың құқықтарына және Алматыда қорғаншылық пен қамқоршылық қызметкерлерінің штатын ұлғайтуға қатысты мәселелерді талқылау болды.Алаң қатысушыларының қорғаншылық және қамқоршылық қызметкерлері санының артуына байланысты заңнаманы пысықтау жөніндегі ұсыныстары талқыланды. Read more…