Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жағдайының мониторингісін жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Аталған мониторинг Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бекіткен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес сәуір айында өткізілетін болады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы бойынша да жұмыс тобы мониторинг өткізуде.
Categories: Жаңалықтар